Ерлі-зайыптылар есірткі саудасын отбасылық бизнеске айналдырған
Ерлі-зайыптылар есірткі саудасын отбасылық бизнеске айналдырған
173
оқылды
Полицейлер ҚР ШҚО бойынша ҰҚКД және ҚР Ұлттық ұланының №5518 әскери бөлімінің арнайы бөлімшесінің жауынгерлерімен бірлесіп, аса ірі көлемде психотроптық заттарды өткізу арнасының жолын кесу бойынша арнайы операция жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ұсталған 22 және 23 жастағы ерлі-зайыптылар облыс орталығына Семей қаласынан келген. Олар құпия орындарға есірткі затын жасырып кетіп, клиенттерге қауіпті тауарды жеткізумен айналысқан. Отбасылық жұптың тұрғылықты жері бойынша санкцияланған тінту жүргізу барысында электрондық таразы, жарты миллион теңгеге жуық ақшалай қаражат, сондай-ақ сатуға дайын психотроптық құралдар салынған түйіншектер алынды. – Есірткі сатушылардан “крис” және “меф” деп аталатын психотроптық құралдардың бір реттік қолдануға жарамды 700-ден астам дозасы алынды, олардың “қара нарықтағы” бағасы алты миллион теңгеден астам соманы құрайды, сондай-ақ оқиға орнынан қылмыстық жолмен табылған 500 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражат тәркіленді, – деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов. Ұсталған жұп Өскемен қаласының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Мұндай қылмыстық әрекет үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.