Нұр-Сұлтан қаласына локдаун енгізіледі
Нұр-Сұлтан қаласына локдаун енгізіледі
99
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласының қызыл аймаққа енгенін ескере отырып, жексенбі күні, яғни 21 наурызда елордаға локдаун енгізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Жексенбіде сауда, ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда орталықтары (оларда орналасқан дәріханаларды, сондай-ақ тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сататын және орналасқан жеріне қарамастан қызметіне рұқсат етілген объектілерді қоспағанда), жабық азық-түлік емес базарлар, азық-түлік емес тауарларды өткізетін объектілер, жабық спорт объектілері, ХҚО, «Қазпошта» АҚ секілді мекемелердің жұмыс істеуіне тыйым салынады.
«Қаладағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Өткен мереке күндерінен кейін коронавирус инфекциясын жұқтырушылар саны күрт көбейді. Осыған байланысты қосымша карантин шектеулері бар қаулы 18 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі. Наурыз мейрамына орай бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады. Індеттің өршуіне жол бермеу керек. Медициналық ұйымдар мен медицина қызметкерлеріне шамадан тыс жүктеме болмас үшін қатаң санитарлық нормалар сақталуы қажет, яғни бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтау керек», – деді Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова.
Сондай-ақ, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуіне байланысты жексенбі күні қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылады.