Халық аманатын орындауға кірісті
Халық аманатын орындауға кірісті

«Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалының актив отырысы өтті.

Күн тәртібінде Батыс Қазақстан облыстық сайлауалды бағдарла­ма­сын іске асыру бойынша іс-ша­ра­лар жоспары, Жол картасының орындаудағы міндеттері, сайлау алдындағы халықпен кездесулердегі аманаттардың әр депутаттың қолға алған бір жобалары және басқа да тапсырмалардың орындалуы, аудандық сайлауалды бағдарламасы және Жол картасында көрсетілген жұмыстар қаралды. Отырысты «Nur  Otan» партия­сы Батыс Қазақстан облыстық фи­лиалы төрағасының бірінші орын­басары Мұрат Мұқаев кіріспе сөзімен ашты. Өз кезегінде «Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орын­басары Талғат Дарғожиев Сырым ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы туралы баяндама жасады. «Nur Otan» партиясының Сы­рым аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясының жұмы­сын ұйымдастыру мақсатында алдағы бес жыл ішіндегі іске асы­рылуы тиіс міндеттер айқындалып, оларды орындау бойынша депу­тат­тық фракцияның жалпы және депутаттық фракциясының әр мүшесінің іс-шаралар жоспарына қатысты 12 тармақтан тұратын жоспар жасақталды. Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов ауданда биыл жасалатын ауқымды жұмыс көп екенін мәлімдеді.

Әбілмансұр ЖАСАН