Әлеуметтік маңызы бар нысандар тексерілді
Әлеуметтік маңызы бар нысандар тексерілді
106
оқылды

«Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы және Жол картасының іске асырылуын бақылау мақсатында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік маңызы бар нысандардың қолжетімділігіне мониторинг жүргізді.

Павлодар облысы бойынша 46 қала және аудан депутаттары­мен барлығы 109 ғимарат то­лық­тай тексерілді. Тексеріс бары­сын­да 28 нысанда кемшілік анық­тал­ды. ⠀ Депутаттар мекемелерді тек­серу кезінде пандустардың болуы мен олардың жай-күйіне, әлеу­меттік қызметкерді шақыруға ар­налған қоңырауларға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар­дың ғимаратқа өз бетінше кө­терілу мүмкіндігінің жасалған-жасалмаға­нына баса назар ау­дарды. ⠀ Тексеру нәтижелері бойын­ша осы мекемелердің басшы­лығына тактильді жолақтарды орнату, шақыру батырмаларын жөндеу және қар мен мұзды уақытылы тазарту бойынша ұсыныс берілді. – Мүмкіндігі шектеулі топ­тардағы адамдар кез келген бөл­меде өздерін жайлы сезінуі керек. Ол үшін барлық жерде кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет. Мұны атап айтқанда жеке бизнес өкілдері түсінуі тиіс, – деп атап өтті «Nur Otan» депутаттық фракциясының мүшелері.

Әбілмансұр ЖАСАН