Бір үйір жылқы иесіне қайтарылды

Бір үйір жылқы иесіне қайтарылды

Шығыс Қазақстан об­­­­лы­сында полиция қыз­мет­­керлері ұрланған бір үйір жылқыны иесіне қайтарды. Қамбар ата түлігі қаңтар айы­­­­­ның ортасында жоғалып кеткен.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Жарма аудандық полиция бөліміне келген Белтерек ауылындағы шаруа қожалығының 27 жастағы басшысы қаңтар айының ортасында бір үйір жылқысының жоғалып кеткенін айтып, арыз жазған. Кейін анық­­­талғандай, еркін жайы­лымнан 24 бас мал ұрланған болып шықты. «Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде, 15 күннің ішінде бір үйір жылқы иесіне қайтарылды. Мал иесі өз кезегінде полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді», – деді ШҚО Полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев. Осы ретте департамент өкілдері мал ұрлығының негізгі себебі малдарын жайылымға қараусыз жіберетін иелерінің салғырттығы екенін атап өтті. Иесіз жайылып жүрген төрт-түлік – барымташылар үшін оңай олжа. Сонымен қатар қараусыз мал жол-көлік оқиғаларына да себепші болып жатады.

Исмаил ҚУАНЫШ