Қашықтан оқыту жүйесі талқыланды
Қашықтан оқыту жүйесі талқыланды
122
оқылды

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының «Білім беру» бағыты бойынша «2020-2021 жылдардағы Шығыс Қазақстан облысындағы қашықтан оқыту жүйесінің проблемалары мен тиімділігі» тақырыбындағы комиссия отырысы ZOOM платформасы арқылы өтті.

Отырыс барысында Шығыс Қа­зақстан облыстық Білім бас­қар­масының басшысы С.Жұмаділова 2020-2021 оқу жылында қашықтан оқыту жүйесінің проблемалары мен тиімділігі туралы баяндама жасады. – Бүгінде 647 жалпы білім бе­ретін мектепте 193 212 бала оқиды. Оның ішінде штаттық режимде 42 531 оқушымен 424 мектеп, 5 537 кезекші сыныптарда 97 494 оқушы оқиды, қашықтан оқыту режимінде 53 187 оқушы оқиды. Қашықтықтан оқыту алғаш басталған кезде ин­тернет платформаларды қолдану тәжірибелерінің болмауына және компьютерлік техника мен ин­тернет ресурстардың тапшылығына байланысты қиындық туындады. Қазір облыста оқушыларының білім сапасын сақтау мақсатында онлайн оқыту үшін барынша жағ­дай жасалды. Білім басқармасы жанынан тәжірибелі педагогтер қатарынан жұмыс тобы құрылды, цифрлы білім беру платформаларын пайдалану бойынша педагогтердің қиындықтары зерделенді. Ол­қы­лықтар жойылып, оқушылардың білім алу процесі қалыпты деңгейде жүргізілуде, – деді Сайрангүл Ахметкәрімқызы. Сонымен қатар отырыс ба­рысында комиссия мүшелері өзге де сұрақ бойынша ой бөлісіп, пікір алмасты.

Әбілмансұр ЖАСАН