Коронавирус жұқтырған 239 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус жұқтырған 239 адамның жағдайы ауыр
101
оқылды
Коронавирус жұқтырған 5 163 пациент стационарда ем қабылдауда. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 16 наурыздағы мәлімет бойынша, 19 375 адам короновирус инфекциясынан (15 449 КВИ+ және 3 926 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 163 пациент стационарда, 14 212 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 239 адамның жағдайы ауыр; • 51 пациенттің жағдайы өте ауыр; • 36 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.