16 наурыздағы Қазақстан өңірлерінде эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймаққа 3 өңір кірді. Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан облысы бүгін «қызыл» аймақта тұр. Ал «сары» аймаққа Ақмола, Қарағанды, Алматы, Атырау облыстары кірген. Қалған өңірлер - «жасыл» аймақта. Қазақстан аумағы матрицаға сәйкес «сары» аймақта орналасқан.