Қазақстандықтардың орташа жалақысы 223 мыңнан асты
Қазақстандықтардың орташа жалақысы 223 мыңнан асты
Биыл ақпанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 223 213 теңге болды. Бұл туралы  Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
«2021 жылғы қаңтарда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 115 684 теңгені (алдын ала деректер) құрады. Бұл 2020 жылғы қаңтарға қарағанда 4,8% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 2,4%-ға төмендеді. 2021 жылғы ақпанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 223 213 теңгені құрады», - делінген хсабарламада.
2020 жылғы IV тоқсанда елімізде жұмыссыздар саны 453 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санынан 4,9% құрады. Жұмыспен қамту органдарында тіркелген адамдар саны 2021 жылғы ақпанның соңына 192 мың адамды құрады. 2021 жылғы ақпанда 2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда тұтыну бағасының индексі 101,3%-ды құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы – 2,2%, азық-түлік емес тауарлар бағасы – 0,7%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтер 0,6% -ға өсті. Өнеркәсіп өнімдері бағасы 2021 жылғы ақпанда 2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 8,4%-ға қымбаттады.