Елордада карантин күшейтіледі: сауда орындары мен базарлар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды
Елордада карантин күшейтіледі: сауда орындары мен базарлар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды
79
оқылды
Елорда Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Шектеу және карантин шараларын қатаңдату туралы» жаңа қаулысы шықты. Қаулыға сәйкес сауда орындары мен базарлар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды. Сонымен қаулыда былай делінген:
"Сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, бір келушіге 4 м2 есебінен толымдылығын сақтаған кезде, жұмыс кестесін  жұмыс және сенбі күндері штаттық режимде белгілей отырып, жексенбі күндері жұмысына тыйым салумен ұйымдастыру (оларда орналасқан дәріханалардан, сондай-ақ, азық-түлік пен бірінші қажеттіліктегі тауарларды сататын минимаркеттерден, супермаркеттерден және гипермаркеттерден, сондай-ақ, олардың қызметіне осы қаулы бойынша олардың орналасуына қарамастан рұқсат етілген объектілерді қоспағанда). Бұл ретте көрсетілген объектілерде және олардың аумақтарында орналасқан аттракциондардың, балалардың ойын алаңдарының, мұзды және роликті сырғанақтардың, ойын орталықтарының жұмысына қатаң тыйым салынады. Фудкорттардың жұмысы штаттық режимде тек тамақты жеткізуге және шығаруға рұқсат етіледі. Акциялардың, жәрмеңкелердің, шоурумдардың, ұтыс ойындарының әртүрлі түрлерін өткізуге тыйым салынады (онлайн форматтан басқа); ашық ауадағы аттракциондардың жұмысын, тыйым салынған және санкцияланбаған аттракциондарды қоспағанда, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру; аниматроникстер, океанариум театрларының жұмысын қатаң түрде галереялар/музейлер типі бойынша жұмыс режимінде әр аймаққа бір уақытта 10 келушіден артық емес, бір келушіге кемінде 4 м2 есебімен, театр қойылымдарын өткізуге тыйым сала отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін  жұмыс және сенбі күндері сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін, жексенбі күндері жұмысына тыйым салумен ұйымдастыру; жанамалы хайуанаттар бағының жұмысы орналасқан жеріне қарамастан, бір уақытта 5 келушіден артық емес, бір келушіге кемінде 4 м2 есебімен, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесін  жұмыс және сенбі күндері штаттық режимде белгілей отырып, жексенбі күндері жұмысына тыйым салумен ұйымдастыру; су аттракциондарынсыз бассейндердің жұмыс істеу бөлігіндегі жабық жағажайлар мен аквапарктердің жұмысын бір адамға 5 мсу айнасы есебінен күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып жұмыс кестесін  жұмыс және сенбі күндері штаттық режимде белгілей отырып, жексенбі күндері жұмысына тыйым салумен ұйымдастыру; қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын (мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар) орналасқан жеріне қарамастан, ғимараттардың ішінде толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ, 30 орыннан аспайтын шарттарды сақтаған жағдайда, бір үстелде 4-6 адамнан аспайтын отыру мен көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін сағат 7:00-ден 22:00-ге дейін, тамақты жеткізу және шығару қызметін штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастыру. Бұл ретте ұжымдық, салтанатты, отбасылық, еске алу (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), мерекелік корпоративтер және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге қатаң тыйым салынады»; жабық азық-түлік базарлардың жұмысын санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды күшейте отырып, бір келушіге 4 м2 есебінен толымдылығын сақтаумен, штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыру; жабық азық-түлік емес базарлардың жұмысын, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып,  жұмыс кестесін жұмыс және сенбі күндері сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін белгілей отырып, жексенбі күндері жұмысына тыйым салумен ұйымдастыру; ашық ауадағы азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шаралардысақтай отырып, жұмыс кестесін жұмыс  және демалыс күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру; «демалыс күнгі» азық-түлік жәрмеңкелерінің (ашық ауада) жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып және жұмыс кестесін тек демалыс күндері сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру; азық-түлік тауарларын сату объектілерінің (дүкендер, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер), орналасқан жеріне қарамастан, жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, бір келушіге 4 м2 есебінен толымдылығын сақтаған жағдайда,  жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 07.00-ден 24.00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру; азық-түлік емес тауарларды сату бойынша объектілердің, орналасқан жеріне қарамастан, жұмысын бір келушіге 4 м2 есебінен толымдылығын сақтаған жағдайда,күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс кестесін жұмыс  және сенбі күндері  штаттық режимде, жексенбі күндері жұмысына тыйым салумен ұйымдастыру; тамақ өнімдерімен көше саудасының санкцияланған түрлерінің (оның ішінде тез тамақ өнімдерін, пончиктерді, балмұздақтарды, алып шығуға арналған кофелерді, көкөніс шатырларын және т. б. сататын объектілердің) жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып,  жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері штаттық режимде белгілей отырып ұйымдастыру керек, - делінген.