ІІМ: Қордай қақтығысының арандатушысы анықталды
ІІМ: Қордай қақтығысының арандатушысы анықталды
© Асылхан Мамашұлының суреті
176
оқылды
Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди Жамбыл облысы Масанчи ауылында жаппай төбелеске ұласып кеткен қақтығыстың бас арандатушы анықталғаны туралы хабарлады. "Біз бұл провокаторды анықтағанымызды айтқым келеді. Ең қорқынышты, ол хабарламаларға нашар сипаттамалар беріп таратқан. Бұл жастардың көтерілуіне себеп болды", - деді Калайчиди ОКҚ брифингінен кейін. Оның айтуынша, қазір полицейлер қақтығысқа қатысқандардың әрқайсынан олардың не себепті келгенін сұрастырып жатыр. "Біз бір адамның берген түсініктемесін негізге ала алмаймыз. Дегенмен, қақтығыс бірнеше ауылға тарады. Бізге осы қақтығыстың барлық қатысушыларынан сұрау, фактілер базасын қалыптастыру және оған баға беру, талдау жасау қажет. Осыдан кейін әрбір адамның осы қақтығысқа қатысуы мен рөлін белгілеу. Одан кейін әрбірінің неге сонда болғанын айта аламыз", - деп атап өтті Ішкі істер министрінің орынбасары. 7 ақпан күні Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұзақылық ниетпен топтық төбелесті арандатушыларды пайдалануға тырысқанын мәлімдеді. Нәтижесінде жаппай төбелеске 300-ге жуық адам қатысты. Қақтығыс Аухатты және Бұлан Батыр ауылдарын да қамтыды. Бұзақылар металл заттарды, тастарды, атыс қаруын қолданды. 8 ақпанда жаппай тәртіпсіздік барысында ондаған қатысушы дене жарақатын алып, оқ атылғаны, 8 адам алған жарақатынан қайтыс болғаны белгілі болды. Қоғамдық тәртіпті сақтау және заңсыз іс-әрекеттердің алдын алу бойынша қызметтік міндеттерін орындау кезінде полиция қызметкерлері де түрлі жарақат алды, оның ішінде екеуі-атыс қаруынан жараланған. Алдын ала мәліметтер бойынша соңы өртпен ұштасқан бұзақылықтың салдарынан 30-дан астам жеке үй, 15 сауда объектісі, 23 автокөлік зақымданды. Түнде қырғыз-Қазақстан шекарасында орналасқан Қырғыз Республикасы шекарашылары қызмет атқарудың күшейтілген режиміне көшірілді. Қазақстан ҰҚК Шекара қызметінде Қырғыз Республикасымен шекараның жабылуы туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін, шекара бекеттері штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын мәлімдеді.