Білім және ғылым министрінің орынбасары Бибігүл Асылованың айтуынша, түлектер колледжге түсу үшін емтихан тапсырмайды.
Министрлік мемлекеттік тапсырысқа қатысты да жаңалық енгізді. «Бұрын білім басқармалары колледждер арасында мемлекеттік тапсырысты өздері орналастыратын. Яғни, бір колледжге 100 немесе 200-300 адам берсе, енді жаңа талапқа сай талапкерлер колледж, мамандықты өздері таңдайды. Министрлік мемлекеттік тапсырысты бөлу ережесін әзірледі», – деді Асылова.«Жаңа тетікке сәйкес, педагогикалық, медициналық және шығармашылық мамандықтар бойынша арнайы сынақтарды қоспағанда, колледжге түсу емтиханы алынып тасталады», – деді.