Екпе егу ҚАЖ-дың барлық аумақтық департаментінде жүргізілмек. Бұл туралы zakon.kz жазды.
Бас мемлекеттік санитар дәрігердің биыл 27 қаңтардағы №3 қаулысына сәйкес, коронавирусқа шалдығуы мүмкін адамдардың тізімі анықталды. Сондықтан ҚАЖ мекемелерінде бұл мәселе пысықталып жатыр.Бұған дейін Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда облысының ҚАЖ жеке құрамы вакцинациядан өтті. Екпені әркім өз еркімен салдырады.Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/10 мекемесінде бірінші рет сотталушыларға екпе салды. Вакцинация 9 наурызда басталды. Осыған дейін 100-ге жуық сотталған адам вакцина алды. Ал 60 адам екпеден бас тартты.
Медицина қызметкерлері мен ҚАЖ қызметкерлерін вакцинациялау Полиция департаменттерінің емханасында, күдіктілер, айыпталушылар мен сотталғандарды вакцинациялау пенитенциарлық жүйе мекемелерінің медициналық бөлімдерінде жүзеге асырылады. Жалпы, 80 мекеме жұмыс істейді. Шамамен 32 мыңдай адам бар.