Ертең алты облыста дауыл соғады 
Ертең алты облыста дауыл соғады 
5,113
оқылды

Ертең Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді. Кей жерлерде 23-28 м/с шаңды дауыл болады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с-ке жетеді. Ақмола облысында жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Қызылорда облысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді. Түркістан облысында желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді. Солтүстік Қазақстан облысында тұман болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді.