Алматы облысында локдаун енгізіледі
Алматы облысында локдаун енгізіледі
109
оқылды

Алматы облысында коронавирусқа шалдыққандардың өсімі 0,6%-ға жетті. Бір тәулікте 99 науқас тіркелді. Ауруханалардың 43%-ы науқасқа толы.

Облыс әкімі Амандық Баталовтың айтуынша, жұқпалы аурулар ауруханасындағы төсек саны 412-ге көбейтіліп, 1 550-ге жетті. Облыста аурулардың көбеюіне байланысты карантин күшейтілді. Мектепке дейінгі ұйымдар, қоғамдық тамақтану орындары, діни бірлестіктер, қоғамдық монша мен көліктердің жұмыс кестесі сағат 17.00-ге дейін қысқартылады. Ойын-сауық орындары мен мейрамханалардың жұмыс кестесі 21.00-ге дейін қысқарады. Демалыс күндері облыста локдаун енгізіледі.

«Алматы мен облыс арасындағы халықтың көші-қонының жоғары болуына байланысты қала маңындағы Жамбыл, Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ, Іле аудандарында науқастар саны көбейді. Осыған байланысты аймақтағы бас санитар дәрігерлер шектеу шараларын күшейту туралы жеке қаулылар қабылдады, – деді әкім.