Полицейлер жол ережесін өрескел бұзған “Toyota Camry” жүргізушісін анықтады
Полицейлер жол ережесін өрескел бұзған “Toyota Camry” жүргізушісін анықтады
94
оқылды
Түркістан полицейлері жол ережесін өрескел бұзған “Toyota Camry” жүргізушісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Әлеуметтік желілерде белгісіз жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін бұзғаны туралы бейнежазба таралуда. Онда ер адам көлігін басқарып келе жатып, жол бойында есігін ашып, жолға секіріп, өз өмірін қатерге тіккен. Одан бөлек, басқа көліктерге кедергі келтірген. Тексеру барысында Түркістан облысы ПД-ның полицейлері оқиға Төрткүл ауылының маңындағы Шымкент-Самара тас жолында болғанын анықтады. Жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. https://www.youtube.com/watch?v=a8bL2CpkC84 Нәтижесінде, көлік жүргізушісіне қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 3-бөлігі (Жол жүру ережелерінде көзделген жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) бойынша әкімшілік хаттама толтырды.