Басына шайба тиген 19 жастағы хоккейші қайтыс болды
Басына шайба тиген 19 жастағы хоккейші қайтыс болды
123
оқылды
"Ресейлік "Динамо" (Санкт-Петербург) хоккей  клубының қорғаушысы Тимур Файзутдинов ауруханада жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Бұл туралы лиганың ресми сайты хабарлады.
– "Динамо" жастар хоккей клубының қорғаушысы Тимур Файзутдинов өмірден өтті. Клуб Тимурдың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады. Ол мәңгі "Динамода" және біздің жүрегімізде сақталады,– делінген хабарламада.
Жас хоккейші Харламов Кубогының 1/8 финалдық ойындарында "Локо" командасына қарсы ойында жарақат алған. Спортшының өмірі үшін дәрігерлер үш күн күрескен. Орта шептен келген шайба Файзутдиновтің басына келіп тиген. Жарақат алған хоккейші бірден  ауруханаға жеткізілген. https://www.youtube.com/watch?v=3cp1kJNUdbQ