Түркістанда жоғалып кеткен адам терең құдыққа түсіп кеткен жерінен табылды

Түркістанда жоғалып кеткен адам терең құдыққа түсіп кеткен жерінен табылды

16 наурыз күні сағат 14:00-де Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне екі күн бұрын мал іздеп шыққан 1980 жылы туған ер адамның жоғалғаны туралы хабарлама түсті. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД (11 қызметкер мен 1 бірлік техника, Полиция департаментінің күштері мен құралдары (1 қызметкер) және жоғалған адамның туыстары (3 адам) жұмылдырылды. 16 наурызда сағат 15:10-да​ құтқарушылар ер адамды жоғалып кеткен орыннан екі шақырым жерде Көккөз ауылынан тауып алды. Ол тереңдігі 3 метр құдыққа түсіп кетіп, өздігінен шыға алмаған екен.  Құтқарушылар тез арада ер адамды құтқаруға кірісті. Олар құтқару жібінің көмегімен ер адамды құдықтан алып шыққан