Инклюзия кабинеттерінің жұмысымен танысты

Инклюзия кабинеттерінің жұмысымен танысты

«Кедергісіз келешек» партиялық жобасын іске асыру аясында «Nur Otan» депутаттық фракциясының мүшелері қалалық балаларды оңалту орталығында, инклюзияны қолдау кабинеттері жұмыс істейтін Павлодар қаласының № 6, 26 жалпы білім беретін мектептерінде болды.

Жұмыс барысында депу­таттар ерекше білім беру қа­жет­тіліктері бар балалардың оқу процесіне қалай бейімделгенін зерттеді, сондай-ақ инклюзия ка­­би­нетте­рінің жұмыс әдісте­рі­мен танысты. Мекеме басшылары қажетті жабдықтармен жабдықталған қол­дау кабинеттерінің жұмысын көр­сетті. Аутизмі бар балаларға ар­налған инклюзияда бірнеше түр­лі әдістемелік тәсілдер қолда­нылады, олардың көпшілігі ABA тера­пия­сына негізделген. Депутаттар мамандардың жұ­мысына, ата-аналармен өзара іс-қимылға қызығушылық танытты, сондай-ақ педагогтердің жұмысын жеңілдететін және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың сенсорлық және коммуникативтік қабілеттерін дамытатын пәндік модульдермен және дидактикалық құралдармен танысты. ҚПИ мұғалімі депутаттарға бірлесіп оқыту, өзара іс-қимыл және даму балаларға өздерін барлығымен тең дәрежеде сенімді сезінуге, қажетті білім, білік және дағдыларды дамытуға мүмкіндік беретіні туралы айтып берді. Айта кетейік, бүгінде барлық кабинет логопед және психологтермен жұ­мыс істей алады. Сондай-ақ «Nur Otan» фрак­ция­­сының мүшелері қалалық бала­ларды оңалту орталығының қыз­метін тексерді. Оңалту орталығы 18 жасқа дейінгі балаларға арналған. Бір ауысымда 100 кішкентай нау­қасты қабылдай алады. Орталық мамандар кеңесін, физиотерапияны, емдік түзетуші, тыныс алу гимнастикасын, көзге ар­налған гимнастиканы, стопо­терапияны, гидрокинезотера­пия­ны, сөйлеуді қалпына келтіретін терапияны және баланың даму проб­лемалары бойынша психоло­гиялық түзетуді ұсынады.

Әбілмансұр ЖАСАН