Мәселеге жіті назар аударды

Мәселеге жіті назар аударды

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаты Ляна Тұрсынова тұрғындарды қабылдады.

Қабылдауға келген, онлайн ар­қылы қатысқан әрбір азамат назардан тыс қалмады, әрқай­сы­сына жеке-жеке түсініктемелер мен кеңестер берілді. Құрманғазы кө­шесіндегі 9 қабатты үйдің тұрғыны жертөледе ыстық судың құбыры жарылғанының салда­рынан, ыстық сумен жылу қуатынан айы­рыл­ғанын айтты. Халық қалаулысы ТҮКШ-ге өтініш жазу қажет екенін атап өтіп, бұл мәселенің шешу жолдарын көрсетті. Қабылдауға үй мәселесін айтып Бәйтерек ауданының тұрғыны да келді. Оған аталған мәселе бойын­ша толық анықтамалық түсінікте­мелер берілді. Облыстық мәслихат депутаты халықтың әлеуметтік осал топтарын мемлекеттік қолдау, сон­дай-ақ жұмыспен қамту жөнінде де кеңестер берді. Әрбір мәселе бойынша істің барлық мән-жайы анықталды. Мамандардың кеңестері немесе басқа ведомстволардың жауаптары қажет болатын өтініштер қабыл­данып, жауабы міндетті түрде өтініш берушілерге жіберіледі.

Әбілмансұр ЖАСАН