Шалғайдағы ауылдар да интернет игілігін көреді – Бағдат Мусин
Шалғайдағы ауылдар да интернет игілігін көреді – Бағдат Мусин
361
оқылды

Қазақстан жаһандық дамудың көшінен қалмау үшін цифрландыру саласына айрықша назар аударып келеді. Алайда елімізде әлі интернет дұрыс жетпеген елді мекендер бар. Маман даярлауда да мәселе жоқ емес. Статистика бар, білікті кадр тапшы. Демек, саланың дамуына қатысты мәселелер өзекті болып қала беретін түрі бар. Сонда не істеу керек? Саладағы жетістіктер мен олқылықтар қандай? Біз осы мазмұндағы сауалдарды Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге қойдық.

– Бағдат Батырбекұлы, ең ал­дымен «цифрлық даму» ұғымының мәнін ашып алайық. Бұл не өзі? Цифр­лық даму деген тек ІТ саласы ма, әлде мағынасы әлдеқайда кең бе? – Интернет, коммуникация, он­­лайн, электронды пошта сын­ды сөздер қазір санамызға сіңіп кет­ті. Осыдан 10-15 жыл бұрын бір телефоннан екінші телефонға әуен көшіру, суретке түсіру қиын­дық тудыратын. 5 жыл бұрын біз­­дің халық цифрлық қыз­мет­тер­ді пайдаланудан қорқатын әрі қиын дейтін. Қазір көптеген қыз­мет онлайнға көшкелі өзіміз үшін тиімді әрі жеңіл көрінеді. Тіп­ті, тамақ, үйге қажетті техника, киім­­ге дейін тапсырыс беріп, он­лайн төлем жасай саласыз. Бұл – әлемдік тенденция. Біздің одан арт­та қалуымызға болмайды. Кө­ше­дегі жай ғана жарнаманың өзін 3 D немесе цифрлы етіп жасасаңыз тартымды көрінеді. Бұрынғыдай қа­ғаз жарнамалардың дәуірі ос­ы­лай артта қалатын сияқты. Цифрлық дамудың аясы кең. Оны бір ғана ІТ-мен шектей ал­май­мыз. Қазіргі әлемде жүріп жат­қан цифрлық трансформа-ция – бұл жаңа өнімдер мен қыз­мет­терді технология шеңберінде құру, сол бір өзгерістерді талап етіп отырған барлық аспектіге ен­гізу. Өзіңіз білетіндей, жаңа тех­­нологияларды барынша тиімді пай­далану және оларды тұтыну­шы­ның әр саласына жедел енгізу үшін кәсіпорындар бұрынғы қа­лыптасқан жүйеден бас тартып, про­цестер мен жұмыс модельдерін то­лығымен өзгерту керек. Сандық түр­лендіру арқылы кәсі­п­орын­дағы деректер орталығын толық басқара аламыз. Тағы бір тұсы, біз айтып отырған процесс ескірген технологияларды біртіндеп жоя бас­тайды. Көне техниканы игеру биз­неске қымбатқа түсуі мүмкін. Ең бастысы, цифрлық трансфор­мация арқылы өзімізге қажетті про­цестерді жеңілдетеміз. Міне, цифрландыру дегеніміз – бір ғана са­ланы немесе бір бағытты да­мыту емес, оны ең алдымен эко­­номиканың, өнеркәсіптің жә­не қоғамның дамуына түбе­гей­лі өзгеріс әкелетіні үшін қабыл­дай­мыз. Сондықтан барлық мем­ле­кеттік органдар мен ве­домс­тво­ға қарасты мекемелерге ортақ мо­ниторинг жүйесін құру маңыз­ды болып отыр. Былай айтқанда, циф­рлық даму озық, заманауи жүйе­лердің қозғаушы күші болуы  тиіс. Шынын айту керек, әзір­ге бұл мақсатқа толық қол жет­кіз­бе­­дік. – Сіз бір сұхбатыңызда елімізде жы­лына 20 мың ІТ маман оқу бі­тіретінін, бірақ оның тек статистика ек­енін айттыңыз. Сонда білім беру жүйесі ІТ саласының дамуына іле­се алмай жатыр ма? – Жыл сайын IT саласына 20 мың маман қосылады десек, оның ба­сым бөлігі – Алматыда. Елдегі ірі IT компаниялардың да көшін осы қала бастап тұр. Сондықтан кә­сіпке епті, бизнеске бейімі бар де­­гендер осы қалада жүр. Олар өз­­­­дерін сапалы project-менед­жер­міз деп атайды. Алматы IT маман­дары шоғырланған нағыз драйвер орта десек болады. Енді Сіздің сұра­­­ғыңызға тікелей көшсем. Рас, бү­гінде Қазақстан IT өнімдерін экс­порттауда басқа елдерден арт­та қалуда. Себебі адами капи­тал­дың жетіспеушілігі бәрібір бай­қа­лады. Жыл сайын Қазақстанда 20 000  IT маман оқу орнында білі­мін аяқ­тайды, бірақ бұл тек ста­тис­­ти­ка дегенді Ал­ма­ты­да өткен «Digital Almaty 2021 – цифрлық қайта жаң­ғыру: жаңа жағдайға сер­піліс» фо­румында айтқан бо­ла­тынмын. Сол 20 мың түлек қай­да? Неге өз­дерін көр­сетпейді? Олар­ға сұра­ныстың аздығынан бас­қа са­ла­ға кетуге мәжбүр. Сон­дықтан IT нарығын дамыту үшін грант бағ­дар­ла­малары мен IT мек­­теп­терді қайта құрып жатыр­мыз. Со­нымен қатар өңірлерде IT мек­тептер ашуды жос­парлап оты­р­­мыз. Әрине, ал­дымызға мақсат қой­масақ, соған ұмтылмасақ, жұ­мыстың өнбейтіні анық. Қа­зіргі қоғамның жылдам дамуы, әсі­ресе интернет ресурс­тары­на де­ген сұраныстың артуы­на сай елі­міз бойынша IT сала­сын­да ең мық­ты маманды тәр­бие­леп шы­ғару үшін Astana IT University жұ­­­мыс істеп жатыр. Көптеген ЖОО-ларда IT факуль­теттер ашыл­ған. Тағы бір айта ке­терлігі, Astana Hub-қа қатысушы стар­тап­­­тардан мемлекет салықты мүл­­­дем алып тастады. Енді олар өз­­­дері ұсынған өнімді дамыту мақ­­­сатында екінші деңгейлі банк­­­терден жылдық мөлшері 6 пайыз көлемінде несие алуына бо­­лады. – Цифрлық даму дегенді ес­ті­ген­де ауылдық жерлердегі интернет жылдамдығы еске түседі. Ауыл­дар­ға жылдам интернет жеткізу үшін не істемексіздер? – Қазір Қазақстан бойынша 6 500-дей ауыл бар десек, соның 5 332-іне интернет жетті. Деген­мен сол 5 мыңнан аса ауылдың ішін­де 510 елді мекенде интернет жыл­дам­дығы әлдеқайда жақсы. Бар­лығында бірдей 4G бар дей ал­май­мыз, десе де байланыссыз емес. Енді шалғайда жатқан 1 200-ге жуық ауыл, өкінішке қарай ин­тернеттің игілігін көре алмай отыр. Бұл – жол бойындағы ауыл­дар емес, тауға жақын, шет ай­мақ­тарда орналасқан әрі халық саны аз елді мекендер. Бұл ауыл­дар­ды да интернетке қосу жоспар­да тұр. Осы сауалдың төңірегінде жауапты ведомство тарапынан атқарылған жұмыстарға тоқтала кетейін. 2018 жылы ол кезде пан­демия түгілі оның атын естімеген кез. Сол уақытта Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев оптикалық талшықты кабельмен қамтамасыз ету туралы тап­сырма берген еді. Неге панде­мия? Өйткені дәл осы індет кезін­де қызмет көрсету саласы бірден автоматты түрде онлайнға көшті. Халық бұған үйренді. Сол уақытта басталған жұмыстың нәтижесінде 1 250-ге жуық елді мекен жылдам­ды­ғы жоғары интернетпен қам­тыл­ды. Одан бөлек, 250+ тұрғыны бар 928 ауылға мобильді байланыс жеткен. Ал интернеттің ғажабын сезінбей отырған ауылдағы проб­ле­маның түбі – бұл енді базалық ин­тернеттің оптикаға жалған­бауы­нан болып отырған мәселе. Мұн­дай сапасыз интернет цифр­лық экономикаға жатпайды. «Мұны қалай шешеміз?» де­ген­ге келсек. Енді жағымды жаңа­­лықты айтайық, биыл 2G бай­ланысымен отырған 286 ауыл­дың интернеті 3G мен 4G-ге кө­шеді. Бұл дегеніңіз – ауылдағы ағайын үшін үлкен қуаныш. Біз­дің де басты бағытымыз – ауыл­дарды интернетпен қамту. Ми­нистр­лік тарапынан атқарылған жұ­мыстың бірі интернетпен қам­тамасыз етіп отырған байла­ныс операторларының салықтық жүктемесін 90 пайызға дейін азайт­тық. Аталған байланыс опе­ра­торлары енді бюджетке төлеп кел­ген салығын байланысты жақ­сартуға жұмсайды. Жақында Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болғанымда осы жайттарды тілге тиек еттім. Тағы бір тоқталар тұсы бұған дейін 3G мен 4G-ге қатысты сапа мәселесі айтылмай келген. Енді 3G мен 4G 1/МБ сек, сәй­ке­сінше 5/МБ сек болып бекітілді. Осын­дай жылдамдық берілмесе операторға шағымдануға болады. Қалай шағымданасыз? Ол үшін біздің ведомство BAILANYS.BAR дейтін сервисті іске қосты. Бұл не? Кез келген тұтынушы өзінің ин­тер­нетін тексеріп, жылдамды­ғына көңілі толмаса сол мезетте-ақ операторға шағымдана алады. Те­лефоныңыздан тексеріп бірден ресми шағым түсіре аласыз. Ин­тер­нет сапасына қатысты бұдан бы­лай жаңадан салынатын үй, авто­жол, бизнес орталықтарға оп­ти­ка-талшықты интернет тар­тыл­май, ол нысан қабылданбайды. Өйт­кені жаңадан салынған ны­сан­дарда интернет жағы әлсіз, са­пасы сын көтермейтіні бізге көп айтылып келді. Биыл опе­ра­торлар шамамен 750 базалық стан­са салады, оған қоса тағы 550 стансаны жаңартады. Ауқымды жұмыстар байланыс сапасын арт­тыруға бағытталған. Байланыс са­пасы бойынша жаңа талаптар пы­сықталды. Өзіңіз де хабардар шы­ғарсыз, жақында Түркістан об­лысына жұмыс сапарымен бар­дым. Кентау, Түркістан, Шымкент қа­лаларында болдым. Жергілікті халықпен кездесіп, базалық ан­тенна орнатылған ауылдарға ар­найы бардым. Одан бөлек, бір­неше зауыт пен фабрикалардағы цифрлық даму бағытының жай-күйімен таныстым. Міне, ми­нистр­лік тарапынан осындай жұмыстар жүріп жатыр. – Беларусь немесе Украин ІТ-ші­лері жайлы жиі естиміз. Қазақ­стан­ды әлемге танытатын ІТ жоба­лар жасауға мүмкіндігіміз бар ма? Мейлі бағдарлама, мейлі ойындар болса да... – Иә, келісемін. Украина дәл осы салада жемісті еңбек етіп ке­леді. Біз де құр алақан емеспіз. Ел­дегі IT саланы дамыту мақса­тын­да 2025 жылға қарай 500 млрд тең­ге инвестиция дәл осы салаға тартылмақ. Бір кездері Елбасы­ның идеясымен құрылған Astana Hub-тың мақсаты – сол ойлаған нәр­сеңді түбіне жеткізу. Қазірдің өзін­де хабтың жұмысына Қара­ған­ды облысы қаржылай қолдау көр­сетіп, өңірде жұмыс басталып кет­ті. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шым­­кент сынды ірі қалаларда ға­на емес, хаб жұмысы аймақтарда дами түспек. Бүгінде техно­парк­те­гі стартап жобаның табысы 20 млрд теңгеге жетті. Бір мысал ай­тайын, Clockster деген жоба шық­ты. Өзіміздің жігіттер жаса­ған. Бұл қызметшінің жұмыстағы уақытын есептейді. Тіпті, адамды мониторға қарағанда бетіңізді ска­­нерлеп, сол сәтте дене қы­зуыңыз­­ды өлшеп, бетперде тақ­қаныңызға дейін айтып береді. Жұмысқа кірген, кешіккен уақы­тыңызды да есептейді. Сол жоба тіркелген сәтте 1 млн доллар ин­вес­тиция әкелді. Қазір Азия на­рығына шықты. Бізде мұндай жо­ба көп. Біз осындай сапалы стар­таптарға 1,5 млрд теңге бөлуді қа­растырып жатырмыз. Бұл та­быс­ты стартаптарға бөлінеді. Ке­лер жылдан бастап осы қара­жат­ты сәтті жобаларға бөле бас­тай­мыз. Әр жоба шамамен 10 млн теңгедей сыйақы алады. Міне, біз сон­да ғана цифрлық даму бағы­тында инвестиция көлемін арт­тырып, алдағы 5 жылда 100 мың са­палы маман даярлай аламыз. – Еліміз халықаралық рейтинг­те интернет тарифі ең арзан ел­дер­дің қатарына кірді. 6-орын. Бірақ жыл­дамдық жағынан 105-орында. Бұл жағдай баға саясатына бо­ла­шақта әсер етуі мүмкін бе? Опе­раторлар жылдамдық қосқанына сәй­кес тариф те өзгеруі мүмкін ғой. – Бұған қатысты біздің жо­ба­мыз бар. Ол үш нәрседен тұрады. Сапа, сосын жылдамдық және со­ған жұмсайтын ақша. Бұл жер­де сізге таңдау беріледі. Сапалы ин­тернет керек десеңіз, әрине құ­ны жоғары. Арзанын іздесеңіз, жылдамдығы азаяды. Бұл ретте біз операторларға талап қойып отыр­мыз, олар тұтынушыға арзан деп сапасыз интернет бермеуі ке­рек. Бұл біріншіден, тұтыну­шы­ның құқығын бұзғаны. Ал бағаны көтеруге келсек, Үкімет мұны өз бақылауында ұстайды. Өздеріңіз бі­летіндей, фарминдустрия сала­сын­да бағаны заңсыз көтер­ген­дерге қатысты тексеріс болды. Дәл сол секілді біз де өз тара­пы­мыз­дан құзырлы орган ретінде мұ­ны бақылауда ұстаймыз. Сон­дықтан елдегі миллиондаған тұтыну­шының құқығы қорғалады. Біз сапаға жұмыс істегендіктен, бағ­аның өсуін Үкіметтегі бақылау ме­ханизмдеріне тапсырамыз. – Өзіңіз басқарып отырған ми­нистрлікке қарасты аэроғарыш са­ласының қазіргі жай-күйі қан­дай? – Аэроғарыш саласына келер бол­сам, бүгінде Жерді қашықтан зонд­тау мақсатында үш бірдей жер­серік жұмыс істеп тұр. KazSat байланысын ұстап тұрған тағы екі жер­серігіміз бар. ЖҚЗ біз үшін тиімді тұсы көп. Бір ғана мысал, со­ның көмегімен 1 млн гектар жер­дің ешқандай мақсатта пай­даланылмай жатқанын білдік. Міне, ғарыштан түсірілген фото­бей­ненің арқасында заңсыз қо­қыс тасталған 10 мыңға жуық жер анық­талған. Біздің министрлік бір ғана цифрлық даму емес, осындай бірнеше бағытты қатар алып келеді. Маған күн сайын әлеу­меттік желі арқылы жүздеген хат келеді. Көбіне, цифрлық құ­жаттар қағаз құжатпен қашан теңе­седі деген сауал төңірегінде. Қазірдің өзінде жүргізуші куәлігі мен техникалық төлқұжатты өзіңіз­бен бірге алмауға болады. Ол үшін бұрынғыдай айыппұл ар­қаламайсыз. Кез келген жағ­дай­да цифрлық құжаттарды қолдану бойынша бюрократия­лық сәттер кездеседі. Әрине, «Ха­лық үніне құлақ асатын мем­лекет» элементтерінің бірі циф­р­лық саланы дамыту үшін уа­­қыт керек. Біздің негізгі мінде­ті­міз – аза­маттардың өмірін жеңілдету. – Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Амангелді ҚҰРМЕТ