«АрселорМиттал Теміртау» жұмысшысы ауруханада қайтыс болды
«АрселорМиттал Теміртау» жұмысшысы ауруханада қайтыс болды

Оның денесінің 90% күйіп қалған. Бұл туралы Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Х. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың травматолог-ортопед дәрігері Манас Әміров: «Зардап шеккен жұмысшы ауруханаға жағдайы өте ауыр, денесінің 90% термиялық күйік шалған күйінде түсті. Ем-домға қарамастан, науқастың жағдайы нашарлап, 15 наурызда қайтыс болды»,– деді.

Ал зардап шеккен екінші науқастың жағдайы да нашар. Ем алып жатыр. Теміртауда 11 наурыз күні ЖЭО-2 цехының шеберханасында дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде ЖЖМ буы тұтанып, нәтижесінде, газ аппаратурасының слесары мен жөндеуші күйіп қалды. Оқиғаға қатысты тергеу әлі аяқталған жоқ.