Ырысым жатқа шашылды...
Ырысым жатқа шашылды...
141
оқылды

Жыл сайын Қазақ­стан­ға шетелден мамандар ал­дыру үшін квота бөлінеді. Елі­мізде жұ­мыссыздық бе­лең алғаны­мен, отандық кә­сі­п­орындар шет­елдік жұмыс кү­шіне жү­гіну­ге мәжбүр. Не­ге?

Қазір жұмыссыз жүру кім-кімге бол­масын оңай тимесі белгілі. Жұ­мыс жоқ болса, табыс та жоқ. Бір сөз­бен айтқанда, күнделікті жұ­мы­сыңмен айналысатын, бар ынта-жі­геріңді жұмсайтын еңбек орны­ның болғанына не жетсін?! Еңбек және ха­лықты әлеуметтік қорғау ми­нистр­лігі «Қазақстанда бүгінде 1,7 мың кәсіпорында 14,6 мың шет­елдік азамат жұмыс істейді», – дей­ді. Биыл шетелдік жұмыс күшін (ШЖК) тартуға берілген рұқ­­­сат­тар­дың ішінде келесі санаттар бар: бірін­ші санат бойынша 1 354 рұқсат (бас­шылар және олардың орын­басарлары), екінші санат бойынша 7 510 рұқсат (құрылымдық бөлім­ше­лердің басшылары). Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (ма­ман­дар) және төртінші (білікті жұ­мысшылар) санатқа жатады, тиі­сінше 12 235 және 4 170 адам. Сон­­дай-ақ маусымдық жұмыстарға 2 976 адам тартылды. 2020 жылы жер­­гілікті атқарушы органдар ШЖК тарту үшін 17,3 мың (бе­кі­тіл­ген квотаның 59%) мөлшерінде жұ­мыс берушілерге рұқсат беріп, ұзартқан. Жұмыс жоқ деп екі қолды қал­таға салып жүргендер жетерлік. Құры­лыс саласында бірнеше жыл тер төккен Батыр деген жігітпен сөй­лестім. Айтқанына қарап, «шы­нымен де, біз жалқаумыз немесе қа­­­­нағатсызбыз» деген ой келді. Ол: «Негізі, жұмыссыздық жайлап тұр­маса да бар екені сезіледі. Кәсіби ма­­мандар тапшы деп айта алмай­мын. Бар. Бірақ олардың ойы – бірден ақшаны күреп табу. Соны­мен қатар жұмысқа құлықсыз. Мы­­­салы, біз үй саламыз, меке­ме­лер­­де жөндеу жұмыстарын жүр­гі­зе­міз. Сол уақытта құрылыс ма­ман­­­дары керек болады. Жергілікті жұ­мысшыларды іздейміз. Келеді, бі­рақ бір-екі күн істегеннен кейін ал­­дын ала төлем ақша алады да тайып тұрады. Немесе күнделікті ақ­­шаға көңілдері толмайды. Сон­дық­тан да шетелдіктерге жүгінеміз. Мы­салы, бізде қазір өзбек құры­лыс­шыларының дәуірі жүріп тұр. Олар күніне 5 мың теңгеге келіссе, жер­лестеріміз 7-8 мыңнан кем ақыға жұ­мыс істемейміз деп тұрып алады. Со­сын  кіммен келі­семіз, оны сіз де түсініп тұрған шы­ғарсыз», – дей­ді. Иә, ауыр шығар. Дегенмен жұ­мыс жоқ емес, бар ғой. Жақында тас­жол салып жатқан түрік ком­па­ниясында жұмыс істей­тін Жаңабек деген жігіттен: «Қазір қыс қой, жұ­мыс тоқтап тұрған шығар?» деп сұ­рап қалдым. «Жол салу мау­сым­дық жұмыс болғаны­мен, бұл біздегі қарбалас тоқтады деген сөз емес. Тас үгіту, жолды қар­дан тазалау жұ­мыстары жүріп жа­тыр», – деді ол. «Олай болса, біраз жергілікті жігіт­тер еңбек етіп, нәпақасын сол жер­ден тауып жүрген шығар?». Жаңа­бек мырс етті де: «Білесің бе, қа­зір мұнда жұмыс істеп жатқандар­дың басым бөлігі оңтүстіктен кел­ген өзбек ағайындар. Тапсырманы дөң­гелетіп алып кетеді. Ал өзіміздің ауыл-аймақтан келіп жұмыс іс­тей­тіндер некен-саяқ. Айына ала­тын 150-200 мың теңгені азсынады. Кел­се де тұрақтамайды. Бір күн жұ­­мысқа шықса, екінші күні жоқ. Со­дан жұмыстан шығып қа­лады», – дейді. ырыс «Қолға күрек таппай» жүр­ген­дерге құлаққағыс ретінде айтсақ та бо­лар. Қарағанды облысында «Жұ­мыс­пен қамтудың Жол картасы» бағ­дарламасы аясында биыл ша­ма­мен 1 200 жұмыс орны құрылады, олар­­дың жартысы тұрақты. 17 ны­сан салынады: 1 – білім беру, 6 – денсаулық сақтау, 6 – спорт, 4 – ТКШ. Тағы екі нысан қайта жөн­деу­ден өтеді. Қазірдің өзінде Қара­ған­дыда 600 орындық жаңа мек­теп­тің құрылысына қаражат бө­лініп қойған. Онкологиялық кө­мек­ті жақсарту үшін операциялық-реа­нимациялық блоктың және по­зитронды-эмиссиялық ком­пью­терлік томография орталығының құ­рылысы басталады. Саран қа­ла­сында және бұрынғы РТБ зауы­ты ауданында қазандық салу жос­пар­ланып отыр. Шаханда орамішілік жылу желісінің, Приозерск қала­сында тазарту құрылыстарын қайта жаңғырту аяқталады. Жаңа спорт нысандары бірқатар қала мен ауылда салынады. Осыған қарап, жұмыс жоқ емес, бар ғой дерсің. Бі­рақ тағы да еңбекке құлықсыз жер­лестеріміз емес, сырттан келген құ­рылысшылар жүре ме? Ауыр деп 200 мыңға жұмыс іс­темей, жеңіл деп күзетті жағалап ал­ған 50-60 мыңды жеткізе алмай жүр­гендер қашан «қанағат» дейді екен?! Ырысымыз қашанғы жатқа ша­шыла береді...

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ, Қарағанды облысы