Мектептерде карантин талабы сақталмай отыр – Алексей Цой
Мектептерде карантин талабы сақталмай отыр – Алексей Цой
212
оқылды

Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті,– деп хабарлайды AstanaTV.

Оқушылар арасында коронавирустың тіркелуі азаяр емес. Оқу жылы басталғалы 10 200-ден астам бала ауруға шалдыққан. Оның 3 жарым мыңы кезекші сыныпта білім алады. «Жасыл», «сары» аймақтарда оқушылардың мектепте оқуына рұқсат берілді. Бірақ министр білім беру мекемелерінің арасында мектепте сабақ оқытуға дайын емес екенін айтты.

Алексей Цой: «Мектепте оқытуға дайындау мақсатында карантин талаптарын сақтау тұрғысынан 3 266 тексеру жүргізілді, 282 мектептен заңбұзушылық анықталды»,– деді.

Сондай-ақ былтыр қазан айынан бастап шетелден келген мыңнан аса адамнан COVID-19 анықталған.

Нұр-Сұлтанда 21 наурызда локдаун енгізілетін болды. Барлық сауда және сауда-ойын-сауық орталықтары жабылады. Қоғамдық көліктер жұмысы 1 күнге тоқтайды.