Түркіменстанда «Еңбегі сіңген ит асыраушы» деген медаль берілмек
Түркіменстанда «Еңбегі сіңген ит асыраушы» деген медаль берілмек
158
оқылды

Бұл жөнінде Азаттықтың түркімен қызметі хабарлады.

Депутаттар медальдерді ел президенті Гурбангулы Бердымухаммедовтің ұлттық тарихи-мәдени мұраны сақтау және насихаттау тапсырмасымен байланыстырады. Ит асыраушыларға берілетін медальдің таным белгілерін президенттің өзі қараған. Түркіменстандағы мемлекеттік медиа президентті алабай тұқымдас иттің сырын жетік білетін адам ретінде насихаттайды. Бердымухамедов ит туралы кітап, өлең жазған.

Былтыр 10 қарашада Ашхабадта алтын жалатқан алабай иттің ескерткіші ашылды. Президенттің ұлы түркімен алабай қауымдастығын басқарады.