Көне Сауранның жаңа тарихы басталды
Көне Сауранның жаңа тарихы басталды
217
оқылды

Президент Жарлығынан соң іле-шала Сауран ауданының орталығы Шорнақ ауылында жаңа ауданның құрылуына орай алғашқы тарихи салтанатты шара өтті. 12  ауыл округі бойынша 100 мыңнан астам адам Сауран ауданының тұрғыны атан­­­ғанын жария еткен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шө­кеев Шорнақта жергілікті тұрғындарымен кездесіп, Ұлыс­тың ұлы күні қарсаңында бастау алған игі іске атса­лысқан барша азаматтарға алғыс айтты. Жаңа аудан орта­лығында алдағы 1-2 жылдың көлемінде барлық әкімшілік, әлеу­меттік нысандардың құрылысы бітіп, пайдалануға бері­леді деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жыл­­ғы 19 маусымдағы тарихи Жарлығынан соң қасиетті Түр­кі­с­тан төңірегінде мемлекеттік жә­не халықаралық деңгейдегі өте ауқымды жұмыс басталған еді. Үш жылға жуық уақыт ішін­де Түркістан қаласының өзінде қан­шама құрылыс нысаны бой көтеріп, қыруар жұмыс жал­ғасу­да. Енді сол игілікті бас­таманың шарапаты облыс­та­ғы аудандар мен қалаларға да тиіп отыр. Атап айтсақ, күні ке­ше Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың Жарлығымен құрылып жат­қан ауданын ерекше атау­ға болады. Тарих бетінде іргетасы қала­нып жатқан ауданның жаңа тіршілігі басталды. Ақорда хандығының астана­сы болып, іргелі елге пана болған ортағасырлық Сауран қаласы бір за­манда тіршілігі жанданған сәу­летті қала болған. Енді, араға сан ға­сырды артқа тастап, тарихи са­­­­наның жаңғыруы нәтижесінде үйін­діге айнала жаздаған ор­та­ға­сырлық қала қайта жаңғыруға бет алды. Атап айтқанда, бағзы за­ман­дарда өзінің ерекше өрке­ние­тімен, елді қорғау бағы­тын­дағы қиян-кескі соғыстарда қор­ған болған және сәулеті ерек­ше алып мұнараларымен әлемді таң­ғалдырған еді. Сауран енді бас­қаша бағытта дамымақ. Яғни, алыс-жақын елдерден келген турис­терді тамсандырып қана қой­май, жаңғырған тарихи атауы­мен іргесінде құрылып жат­қан жаңа ауданның эко­но­микалық дамуына да өз үлесін қо­са­тын болады. Түркі жұрты кие санаған Түркістан мен Сау­ран­ның қайта дамып, түлеп жат­қанынан үмітті ел мұны үйлесімін тап­қан іске балап, қуанып отыр. Сауран Өйткені Сауран ауданы тек ту­ризммен ғана емес, ауылшаруа­шы­лық және өндіріс орындары­мен де қатар дамитын болады. Жиналған жұрттың алдында сөз алған облыс әкімі Ө.Шөкеев бар­ша халықты құттықтап, жаңа аудан­ның келешегіне тоқталды. «Күні кеше Мемлекет басшы­сы Қасым-Жомарт Тоқаев Сау­ран ауданын құру туралы тарихи жарлыққа қол қойды. Кезінде ірі сауда орталығы негізінде құры­лып, Ақорданың астанасы бол­ған Сауран атауы өзінің тарихи мәр­тебесін қайта алды. Ұлы Жі­бек жолының бойында орна­лас­қан, тарихы Түркістан ұғы­мы­мен біте қайнасып жатқан ор­­тағасырлық Сауран қаласы­ның атауын жаңа ауданға беру – Ұлыстың ұлы күні қарсаңындағы ел­ді қуантқан ерекше оқиға деп бі­ле­мін», – деді облыс әкімі өз сө­зінде. Жаңа Сауран ауданының әкім­шілік орталығы Шорнақ ауы­лы болады. Кентау қала­сы­ның құрамынан Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Иас­сы, Оранғай, Қарашық, Жүй­­нек, Бабайқорған, Шорнақ, Жі­бек жолы, Майдантал ауыл­дық округі шығарылып, Сауран ауданына өтеді. Жаңа ауданның құрылуына байланысты атқары­латын барлық іс-шараның жүзе­ге асуымен арнайы комис­сия ай­налысады. Сауран Облыс әкімі өз сөзінде жаңа ау­данның даму жоспары жайлы бөлісті. Шорнақ ауылы аудан ор­­талығы ретінде дамиды. Жаңа ау­­данды құру арқылы аудан құ­ра­­мына енетін елді мекендердегі мем­лекеттік қызметтерді алу са­­­пасын көтеруге жол ашылады. Әлеу­меттік мәселелер оң шеші­мін тауып, жаңа жұмыс орын­да­рының ашылуы секілді маңызды мәсе­лелерге басымдық беріледі. Ауыл шаруашылығы саласының қар­қынды дамуына күш салы­нады. Қолданыстағы заңдарға сәй­кес, Мемлекет басшысының ау­данды құру туралы Жарлығын орындау мақсатында әкімшілік құры­лымын жасақтау үшін алды­мен аудандық мәслихат құры­ла­ды. Тиісінше, мәслихат келісі­мі­мен аудан әкімі тағайындалып, ауданды басқару жүйесі және бюд­жеті бекітіледі. Құқық қорғау ор­гандары мен министрліктердің аудандық бөлімшелері өз қыз­метін бастайды. Облыс әкімі атап өткендей, ал­дағы 1-2 жылдың көлемінде бар­лық әкімшілік, әлеуметтік ны­сандардың құрылысы бітіп, пай­далануға беріледі деп жос­пар­лануда. Әзірге бұл мемле­кет­тік органдар мен аудан әкімдігін қоса алғанда уақытша жекелеген нысандарды жалға алып, жұмы­сын жүргізеді. Жаңадан құрылатын аудан хал­қының саны 100 мыңнан аса­тын болады. Кентау қаласына қарас­ты 12 ауылдық округінің жал­пы көлемі – 650 мың гектар.

Тельман БЕЙСЕН, Түркістан облысы