Ақмола облысында үш айда 2 жүкті әйел коронавирустан қайтыс болды
Ақмола облысында үш айда 2 жүкті әйел коронавирустан қайтыс болды

Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нариман Сыздықовтың айтуынша, небәрі үш айда екі әйел қайтыс болған.

«Өкінішке қарай, екі ана коронавирустан қайтыс болды. Тағы бірі №2 МОБ-да емделуде. Былтыр аймақта үш ана қайтыс болды. Ал биыл үш айда екі өлім дерегі тіркелді. Тағы біреуі тексеріліп жатыр»,– деді Нариман Сыздықов.

Былтыр Ақмола облысында ана өліміне қатысты екі оқиға болды. Бірі – Көкшетау қаласының №1 емханасында, екіншісі – «Авиценна-Бурабай» ЖШС-да. Екеуі коронавирустан, біреуі акушерлік патология – эклампсиямен байланысты болды.

Басқарма басшысының айтуынша, ана өлімінің себебі көп. Әсіресе, коронавирус, медициналық көмектің дер кезінде көрсетілмеуі, пандемияға байланысты медициналық көмектің қолжетімсіздігі де әсер етіп отыр.