Ажырасқысы келмеген ер адам әйелін өлтірді
Ажырасқысы келмеген ер адам әйелін өлтірді
165
оқылды

Тobolinfo.kz-тің жазуынша, ер адам полицияға 7 наурыз күні 21 жастағы әйелі екі жасар баласын тастап, із-түзсіз жоғалып кеткенін хабарлаған.

Келіншекті полициямен бірге күйеуі де іздеген. Әйелдің денесі 8 наурызда табылды. 9 наурызда жерленді. [caption id="attachment_120480" align="alignnone" width="1069"] width= Фото: tobolinfo.kz[/caption] Полицейлер келіншектің өліміне күйеуі кінәлі екенін анықтаған. Себебі, ер адам әйелімен ажырасқысы келмеген.

Күдікті қамауда отыр. Тергеу басталды. Екі жастағы балаға күдіктінің туыстары қарап отыр.«Оқиғаға қатысты  қылмыстық іс қозғалды. Тергеуде ерлі-зайыпты өзара ұрысып қалғаны белгілі болды. 36 жастағы күйеуі әйелін мойынорағышпен қылқындырып өлтірген. Әйелінің мәйітін ауыл шетіндегі құдыққа апарып тастаған»,– дейді полицейлер.

Күдікті қамауда отыр. Тергеу басталды.