Тobolinfo.kz-тің жазуынша, ер адам полицияға 7 наурыз күні 21 жастағы әйелі екі жасар баласын тастап, із-түзсіз жоғалып кеткенін хабарлаған.
Келіншекті полициямен бірге күйеуі де іздеген. Әйелдің денесі 8 наурызда табылды. 9 наурызда жерленді. [caption id="attachment_120480" align="alignnone" > Фото: tobolinfo.kz[/caption] Полицейлер келіншектің өліміне күйеуі кінәлі екенін анықтаған. Себебі, ер адам әйелімен ажырасқысы келмеген.Күдікті қамауда отыр. Тергеу басталды. Екі жастағы балаға күдіктінің туыстары қарап отыр.«Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеуде ерлі-зайыпты өзара ұрысып қалғаны белгілі болды. 36 жастағы күйеуі әйелін мойынорағышпен қылқындырып өлтірген. Әйелінің мәйітін ауыл шетіндегі құдыққа апарып тастаған»,– дейді полицейлер.
Күдікті қамауда отыр. Тергеу басталды.