Емделіп жатқан депутаттың шағымынан кейін аурухана тексерілетін болды
Емделіп жатқан депутаттың шағымынан кейін аурухана тексерілетін болды

Сол мәселе бойынша облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаевтың тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды.

«Мәселенің мән-жайын анықтау үшін құрамында қоғамдық бақылау және мониторинг тобының Жамбыл облысы бойынша үйлестірушісі мен БАҚ өкілдері бар комиссия мүшелері аурухананы аралап, жылу жүйесі мен қазандықтың жағдайымен танысты. Таңғы сағат 6:30 бен 7:00 шамасында жылу беру қазандығынан ақау шығып, жылу температурасының төмендегені анықталды. Жауапты қызметкерлер жылу мәселесін 1,5 сағат ішінде қалпына келтірді»,– делінген облыс әкімдігі баспасөз қызметінің ресми хабарламасында.