Балғынның еміне қолдау көрсетті
Балғынның еміне қолдау көрсетті
5,093
оқылды
Nur Otan  партиясы Арал аудандық филиалының қоғамдық қабылдауына келген жұмыссыз, жас ана З.Нұрбаева «Бронхолегочная дисплазия Р27.1» диагнозымен есепте тұратын науқас  баласының диагнозына сәйкес «Пульмикорт» дәрісін алуға қаржаты жоқ екенін айтып көмек сұрады.    Тұрғынның мәселесі назарға алынып, Nur Otan партиясы Арал аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясының мүшелері  И.Жұмашева мен М.Таукеевтің қаржылай демеушілігімен 17 қорап «Пульмикорт» дәрісі алып берілді.
«Жаным қысылып, қиналғанда  Nur Otan  партиясынан көмек сұрадым. Басқа барар жерім болмады. Менің аналық тілегімді жерге тастамай мәселемді шешуге атсалысқан филиал басшылығына және қаржылай демеушілік жасаған депутаттарға шексіз ризамын»,– деді қуанышымен бөліскен Арал қаласының тұрғыны З.Нұрбаева.