Коронавирустың өршуі карантиннің жеңілдетілуімен байланысты – Қиясов
Коронавирустың өршуі карантиннің жеңілдетілуімен байланысты –  Қиясов
Қазақстанда коронавирустың өршуі карантиннің жеңілдеуімен байланысты. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов айтты.
«Карантиннің жеңілдетілуі індеттің өршуіне алып келді. Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында науқастар саны басқа өңірлерге қарағанда көбейген. Сондықтан бұл өңірлерде шектеу шаралары енгізілді»,– деді  Қиясов.
Оның айтуынша, ақпанда коронавирустың жұғуы бәсеңдесе, наурызда індет өршіп кеткен. Соңғы бес күнде коронавирус жұқтырғандар саны тәулігіне мыңнан асқан.