Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады
Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады
Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов қазақстандықтарға Наурыз мерекесі қарсаңында үндеу жасады.   
«Барлығы өздеріңізге байланысты екенін естен шығармау керек.  Наурыз мерекесі отбасылық мереке екенін түсінеміз.  Кез келген жағдайда түсіністік танытып, адам көп жиналған жерге бармауға шақырамыз. Жақын туысқандар жиналуға болады. Бірақ өте көп адам жиналуға болмайды. Ең алдымен кәрі адамдарға індеттің қауіпті екенін ескеріп, туған-туыстарыңызды қорғауға шақырамыз»,– деді Е.Қиясов.
Бұған дейін Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов коронавирустың өршуіне не себеп болғанын айтқан болатын.