Олимпиада чемпионы мен қала әкімі бетперде кимегені үшін айыппұл төледі
Олимпиада чемпионы мен қала әкімі бетперде кимегені үшін айыппұл төледі

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар мен Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова бетперде режимін бұзғаны үшін айыппұл төледі.

Естеріңізге сала кетейік, шенеунік пен спортшы жақында облыс орталығында өткен спорттық шаралардың біріне қатысқанда бетперде тақпаған болатын.  width= «Қала әкімінің қоғамдық орында бетперде тақпауына байланысты туындаған мәселе заң аясында шешілді. Өткен аптада заң бұзушылыққа қатысты тиісті хаттама толтырылғаннан кейін шаһар басшысы белгіленген айыппұлды төледі. Сонымен қатар осы шарада болған Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова да айыппұл төледі»,– деп жазды Өскемен қаласы әкімінің кеңесшісі Әлібек Тұрсымбетов.

Азамат Әбілұлы,

Өскемен қаласы