Тұрағұлдың мүрдесі зауыт астында жатқан жоқ
Тұрағұлдың мүрдесі зауыт астында жатқан жоқ
190
оқылды
Сүйінші, Қазақ елі! М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті "Мұхтартану" ғылыми орталығы ғалымдарының ізденісінің нәтижесінде Хакім Абайдың Шымкентте жерленген перзенті Тұрағұл Ибраһимұлына қатысты тың дерек табылды. 1990 жылдары Мәкен Тұрағұлқызы әкесінің аты өшпесін деп һәм мәңгі тарих болсын деп арнайы "Мемориалды тақта" тастұғыр жасатқан екен. Бір ерекшелігі, ол тастұғырда тек Тұрағұлдың ғана емес, өзге де Абай ұрпақтарының есімдері және қай жылы қай жерде жерленгені туралы қашап жазылған.  width= Бұл тастұғыр Хакім Абайдың: Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек, Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек. Басқан із, көрген қызық артта қалмақ, Бір құдайдан басқаның бәрі өзгермек, деген өлеңімен өрнектелген. Сондай-ақ, Абай Құнанбаевтың Шымкент қаласында жерленген үрім-бұтағы: орысша мәтінде: «Родственники Абая Кунанбаева похороненные в городе Шымкенте» деп, оған қоса 4 адамның есімі қай жылы, қай жерде жерленгендері қазақ-орыс тілдерінде қашап жазылған. Олар: Тұрағұл Абайұлы – Әйгерімнен туған. 1934 ж. ХФЗ аймағы. Келіндері: Дәмежан – Микайлдің әйелі. 1960 ж. Шұқырсай. Камалия – Әубәкірдің әйелі. 1962 ж. Қасқа зираты. Немересі: Әубәкір – Ақылбайдың ұлы. 1933 ж. Көксай Турагул Абайулы – сын Айгерим. 1934 г. Р-Н ХФЗ. Жены сыновей: Дамежан – жена Микайла. 1960 г. Шукырсай. Камалия – жена Аубакира. 1962г. К-ше Каска. Внук: Аубакир – сын Акылбая. 1933 г. Коксай. Тұрағұл Міне, тастұғырдағы мәтін осылай берілген. Тағы бір соны дерек, бұл тастұғыр - осы күнге дейін ғалымдар айтып жүргендей, "Тұрағұлдың сүйегі зауыт астында қалып қойды" деген пікірді түбегейлі теріске шығарады. Өйткені, бұл мекеме 1882 жылдары салынған. Ал Тұрағұлдың 1934 жылы туылғаны белгілі. Бұл тастұғыр 1990 жылдардан бері «Химфарм» акционерлік қоғамының арнайы бөлімінде сақталып келген.   Еліміз еңсе тіктеп, Тәуелсіздіктің 30 жылдығын тойлар тұста компания басшылығы бұл құнды жәдігердің «Мұхтартану» ғылыми орталығына табыс етілуін жөн деп тауыпты.
"Осы тастұғырды көздерінің қарашығындай сақтап, бүгінге дейін шық жудыртпай сақтап отырған «Химфарм» акционерлік қоғамының әкімшілік менеджері Бекен Жақыпбеков пен компания қызметкері Аян Тоқсанбаев есімді қазақтың нар тұлғалы жігіттеріне һәм ағаларымызға айтар алғысымыз шексіз", – дейді университет басшылығы.
 width= Тастұғыр бүгін ғана М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің «Мұхтартану» ғылыми орталығының төріне орнықты.

Назгүл НАЗАРБЕК, Шымкент қаласы.