Президент "Алтын Ордадағы" жол құрылысын сынға алды
Президент "Алтын Ордадағы" жол құрылысын сынға алды
123
оқылды
Қасым-Жомарт Тоқаев "Алтын Ордадағы" жол айрығының салыну барысын сынға алды, – деп хабарлайды Ақорда сайты.
– Бұл, әсіресе, қала іргесіндегі елді мекен тұрғындары үшін ең өзекті мәселенің бірі. Мұны жұртшылық қала әкіміне талай рет айтқан. «Алматы – Бішкек» тас жолының осы жерден өтетін бөлігі былтыр салынып бітуге тиіс болатын. Қажетті қаражат толық бөлінген. Бірақ әлі нәтиже жоқ. Асқар Ұзақбайұлы  Алматы және Алматы облысының әкімдерімен бірлесе отырып, «Райымбек – Алматы» учаскесінің құрылысын осы жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырамын, – деді Мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысы Алматы үлкен айналма күре жолын қаланың орталығымен байланыстыратын жолдар туралы пікірін айтты.
– 2021 жылы Абай даңғылын бөлуді аяқтау үшін республикалық бюджеттен бөлінген қаражатқа екі миллиард теңге мөлшерінде қосымша қаржы керек екені анықталып отыр. Барлық шығынды бірден нақты жоспарлауға болмай ма? Әлде мұның басқа бір себептері бар ма? – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.