Былтыр мамыр айында екі әйел құрбысын өз үйінен алдап ертіп кеткен. Кейіннен оны көлікпен Ескелді ауданының Матай Байысов (бұрынғы Будённый) атындағы ауылға апарып, сол жерде асқан қатыгездікпен өлтірген, – деп жазады sputnik.kz.
Сотта күдіктінің бірі тағылған айыпты мойындамады. Екіншісі адам өлтіру ісі бойынша бұл процесті қайта қарауды сұрады. Ал прокурор сотталушыларды 19 және 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.Жәбірленушіге материалдық шығынды өндіру және моральдық зиянды өтеу туралы талапбы ішінара қанағаттандырылады. Сотталушылардан материалдық шығын ретінде 1 миллион 323 мың 498 теңге, сондай-ақ моральдық зиянды өтеу үшін әрқайсысынан 5 миллион теңге өндірілді. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.«15 наурызда аталған іс бойынша жиналған дәлелдемелерді ескере отырып, сот екі әйелді де кінәлі деп тапты. Сотталушылардың бірі 18 жылға, екіншісі 17 жылға бас бостандығынан айырылды», – деп хабарлады Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі.
Алматы облысында әйелді азаптап өлтіргендер туралы жазған болатынбыз.