Бұдан былай көрші елден ұрланған көліктер табыла ма?
Бұдан былай көрші елден ұрланған көліктер табыла ма?
123
оқылды

Бұл хаттамаға 6 елдіңішкі істер министрлері қол қойды. Атап айтқанда, Ресей, Тәжікстан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова бар.

Негізгі мақсат – ұрланған автокөлік иелерінің құқын қорғау.

«Бүгінде ТМД келісіміне сәйкес, елдермен шекарамыз ашық. Осыны пайдаланып, кейбір адамдар заңбұзушылық жасайды. Мәселен, 2005 жылдан бастап осы кезге дейін ұрланған 223-тен астам көліктің тек 30 пайызы елге қайтарылған. Өйткені, сұрау салу нормаларының кемшіліктері бар. Осы кемшіліктерді жою үшін құжатқа жаңа нормалар енгізілді. Енді ереже бойынша сұрау салуды орындауға бір ай уақыт беріледі. Сондай-ақ, сұрау салу бойынша ақпарат ұсынудан бас тарту үшін нақты негіз қажет», – деді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Сонымен қатар хаттамада жол-көлік, өрт және табиғи апаттан зардап шеккен автокөліктер туралы мәлімет беру, кеден органдарымен ақпарат алмасу, 1 жыл ішінде сұрауы жоқ автокөлік, қай жерде анықталса, сол мемлекеттің меншігінде қалдыру мәселелері қарастырылған. «Бүгінде ТМД елдерінің арасында автокөліктерді ұрлау проблема болып тұр. Осы келісімді бекіту – азаматтардың құқығын қорғап, ұрланған көліктерді қайтарудың жолын жеңілдетеді. Осы заңды қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды, қосымша қаржы талап етпейді», – деді министр.

Бұған дейін Армениядан әкелінген көліктердің мәселесін жазған болатынбыз.