«Бала күтуші» үй иесінің алтын бұйымдарын ұрлап кетті
«Бала күтуші» үй иесінің алтын бұйымдарын ұрлап кетті
119
оқылды
  1. Шымкент қаласының жергілікті тұрғыны Еңбекші ауданы Полиция басқармасына арызданған. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Жәбірленуші ұрымен OLX жарнама сайты арқылы танысқан. Күдікті бала күтуші ретінде пәтерге келіп, үй иесінің алтын бұйымы мен 100 доллар қаржысын ұрлап кеткен. Еңбекші ауданы Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің №41 учаскелік полиция инспекторлары жедел іздестіру нәтижесінде, күдіктіні анықтап, ұстады. Тергеу басталды.

Бұған дейін бір түнде 6 көлік ұрламақ болғандар туралы жазған болатынбыз.