Көлік жүргізушісі жолдың қақ ортасында жолаушыны пышақтаған
Көлік жүргізушісі жолдың қақ ортасында жолаушыны пышақтаған
114
оқылды

Оқиғаның мән-жайы Түркістан облысы Полиция департаментінің Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланды.

Оқиға наурыздың 12-сінен 13-іне қараған түні сағат 23:30-дар шамасында болған. Күдікті Кентау қаласының жергілікті тұрғыны, бұрын сотталған. Ол жолаушыны көліктен жолға шығарып алып, мойнынан пышақ сұққан. Жарақат алған жігіт ауруханада қайтыс болды.

Күдікті қамауда отыр. Тергеу жүргізіліп жатыр.