Оқиғаның мән-жайы Түркістан облысы Полиция департаментінің Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланды.
Оқиға наурыздың 12-сінен 13-іне қараған түні сағат 23:30-дар шамасында болған. Күдікті Кентау қаласының жергілікті тұрғыны, бұрын сотталған. Ол жолаушыны көліктен жолға шығарып алып, мойнынан пышақ сұққан. Жарақат алған жігіт ауруханада қайтыс болды.Күдікті қамауда отыр. Тергеу жүргізіліп жатыр.