Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 17 наурыз күні алаңдар мен саябақтарда, қоғамдық орындар, сапаржай, теміржол вокзалы, сауда орталықтарында «Елорда Наурызы – 2021» акциясын өткізді.
Шара барысында жастар халықты Наурыз мейрамымен құттықтады. Наурыздың дәстүріне, ұлттық құндылықтарға қатысты сұрақ-жауап ойындарын өткізіп, белсене қатысқандарға сыйлықтар табыстады. Сондай-ақ, жастар ел алдында өз өнерлерін паш етіп, оларды мемлекеттік тілде сөйлеуге, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, Наурыздың маңыздылығы мен ерекшеліктерін түсінуге, дәстүрлі мейрамды сезінуге шақырды.
«Акцияның мақсаты – Ұлыстың ұлы күні «Наурыз» мейрамын насихаттау. Наурыздың маңыздылығын, ерекшелігін көпшілікке жеткізу. Ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлерді дәріптеу. Халыққа мерекелік көңіл-күй сыйлай отырып, «Наурыз» дәстүрлерін санаға сіңіру. Қоғамды мейірімділікке, достыққа, бейбітшілікке баулу» дейді ұйымдастырушылар.
Акцияға қатысқан көпшілік алғыс айтты.