«Қазгидрометтің» хабарлауынша, бүгін қар, кейбір аймақтарда жаңбыр жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Тек республиканың батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді, солтүстік пен шығыста жаяу бұрқасын болады. Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20, кей жерлерде 23-28, екпіні 30 м/с-тан да қатты күшейеді, кей жерлерде жаяу бұрқасын, жолдарда көктайғақ күтіледі. Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында 30 м/с жетеді, кейде одан да асып кетеді. Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, желдің күшейіп 15-20 м/с жетеді. Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, түнде жел күшейіп, жылдамдығы 18 м/с жетуі мүмкін. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында, түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді.