Қазақстанда осы уақытқа дейін қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаны белгілі болды

Қазақстанда осы уақытқа дейін қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаны белгілі болды

18 наурыз күнгі коронавирусқа қарсы вакцина алған азаматтар туралы мәліметтер жарияланды. Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия таратқан деректерге қарағанда, Қазақстанда осы уақытта вакцинаның 1 компонентін қабылдағандардың жалпы саны 90 748 адамды, вакцинаның 2 компонентін қабылдағандардың саны 19 427 адамды құрап отыр.