Мемлекеттік қызметшілердің жалақысы 150%-ға дейін өседі
Мемлекеттік қызметшілердің жалақысы 150%-ға дейін өседі
1 шілдеден бастап мемлекеттік қызметшілер еңбекқасын жаңа жүйе бойынша алады, - деп хабарлады ҚазАқпарат. Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне қарасты мемлекеттік қызмет департаментінің директоры Жарқын Тілеукенов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осындай жаңалық айтты.
«Бүгінде «бірдей еңбекке – бірдей төлем» қағидаты бойынша бөлу жобасы әзірленді. Енді лауазымдарды блоктар бойынша бөлу әдістемесі жасалып жатыр. Яғни, маманның лауазымы стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге қаншалықты әсер ететітіні сараланады. Стратегиялық лауазымдар блогы болады, одан бөлек мемлекеттік органның қызметін техникалық тұрғыда сүйемелдейтін лауазымдар бар. Осы блоктардың қайсысында жұмыс істегеніне қарай еңбекақы мөлшері сараланып белгіленеді», - дейді агенттік өкілі.
Оның айтуынша, сараланған еңбеақы жүйесі 2018 жылдан бері ілкі жоба ретінде қолға алынып, тиімділігін дәлелдепті.
«Негізгі күш ауылдық және аудандық деңгейдегі қызметкерлердің еңбекақысындағы алшақтықты қысқартуға салынады. Жалпы, жүйе бойынша алсақ, алдын-ала болжанып отырған өсім 150-ден 30%-ға дейін», - деді Жарқын Тілеукенов.