2011 жылы АҚШ-қа барған қарағандылық Фарида Ғаббасова орталықтан қазақтың ұлттық тағамдарын пісіретін дәмхана ашқан, – деп жазады «Қазақпарат». Дереккөздің жазуынша, ол – Orient Craft LTD компаниясының АҚШ-тағы өкілдігінің жетекшісі. H&M, ZARA және тағы басқа танымал бренд киімдердің дизайнын жасайды. Ең бірінші кәсібін 2015 жылы Манхэттеннен ашқан. Бастапқыда амарикалықтардың ас мәзірімен мейрамхана ашқан ол уақыт өте келе палау, мәнті, самса ұсынған. Ортаазиялық тағамдарға деген сұраныс арта бастады. 2018 жылдан бері шығыс асханасы етіп, атауын Farida Central Asian Cuisine and Grill деп өзгертіп қайта ашқан.