Головкиннің жаңа қарсыласы белгілі болды

Головкиннің жаңа қарсыласы белгілі болды

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) келесі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz. Қазақстандықтың қарсыласы орта дивизионда WBA Super титулына ие жапониялық Риота Мурата (16-2, 13 КО) болуы ықтимал. Екі тарап белбеулер біріктірілетін жекпе-жек туралы келіссөз бастағаны хабарланған. Бұл жайында Fino Boxing басылымына мексикалық Хайме Мунгияның (36-0, 29 КО) промоутері Фернандо Бельтран мәлімдеді.  "Головкин жапониялықпен жұдырықтасқысы келеді. Иә, ол да чемпион, бұл үлкен іс. Мен оның таңдауын құрметтеймін", – дейді Бельтран. Головкин бұған дейін Мунгиямен 7 мамырда жекпе-жек өткізетіні туралы  хабарланған болатын. Дегенмен кейін, мексикалық бұл ойынан бас тартып, сәуірде басқа қарсыласпен жұдырықтасатыны белгілі болды