Сенаторлар мәслихаттармен байланыста болуы тиіс
Сенаторлар мәслихаттармен байланыста болуы тиіс
96
оқылды

Мәулен  Әшімбаевтың  төрағалық  етуімен  Сенат  жанын­дағы Жер­гілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қи­мыл жөніндегі кеңестің отырысы болды. Онлайн түрінде өт­кен отырысқа палата депутаттары, мемлекеттік орган­дар­дың басшылары және еліміздің барлық өңірлерінен мәслихат өкіл­дері қатысты.

Сенат Төрағасы өз сөзінде Мем­лекет басшысының ре­фо­р­­маларын жаңғырту жөніндегі күн тәр­тібін заңнамалық тұрғыда қам­тамасыз ету туралы жан-жақ­ты айтып берді. Ол аса маңыз­ды заң жо­баларын қарауға мәс­лихаттар депутаттарын бел­­сенді түрде тар­туға шақырды. Сена­торлардың үш­тен екісі аймақ­тардан сай­лан­ғанын ес­керсек, мұндай тығыз қа­рым-қатынастың маңызы өте зор. «Өткен сайлауда Елбасы мен Мемлекет басшысының баста­масымен жүргізіліп жатқан саяси реформалардың әлеуеті іске асы­рылды деуге әбден болады. Алғаш рет мәслихат депутаттары пар­тия­лық тізім бойынша сайланды. Әйел­дер мен жастарға арналған кво­та да алғаш рет қолданылды. Сайлау нәтижесінде жергілікті өкілді органдар 70 пайызға жаңа­рып, мәслихаттардың сапалы құ­ра­­мы қалыптасты», – деді Мәу­лен Әшімбаев. Сенат Төрағасының пікі­­рін­ше, Президент бастам­а­­ла­­­рының та­­бысты іске асуы заң­намалық ба­заның өзгеруіне ғана емес, ха­лық­­пен түсіндіру жұмыс­тарының қан­­­шалықты сапалы жүргізіліп жат­қанына да бай­­ла­­нысты. Сон­­дықтан Мәулен Әшімбаевтың пі­­­­­­кірінше, мәс­лихаттар мен Сенат осы бағытта өзара белсенді іс-қимыл жасауы тиіс. «Сенат депутаттары үнемі ау­дандық, қалалық, облыстық мәс­ли­хаттармен өзара тығыз бай­­ла­ныста болуы керек. Соның ба­­­рысында жергілікті деңгейдегі өзекті мәселелер және қол­да­­­ныс­тағы заңнаманың тиімділігі тал­қыланады. Нәтижесінде, біз ха­­­­лықты толғандырған мәсе­ле­лерді анықтап, оларды шешудің тиімді жолдарын қалып­тас­­ты­ратын бола­­мыз», – деді Мәулен Әшімбаев.