Полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі кезде ҚР ҚК 190-бабы 3-бабына (ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) сәйкес, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
1993 жылы туған әйел Батыс Қазақстанда тұрғындарға «жұмысқа орналастырамын» деп уәде еткен. Сөйтіп, олардың әрқайсысынан 50 мың теңге ақша алған. Осылайша, алданған 14 тұрғын сан соққан. Олар полицияға шағымданғаннан кейін алаяқ қолға түсті.Бұған дейін «Мемлекеттік бағдарламамен үй әперемін» деген алаяқ әйелдің қитұрқы әрекеті жайында жазған болатынбыз.