Үкіметке үлкен жауапкершілік жүктеледі
Үкіметке үлкен жауапкершілік жүктеледі
107
оқылды

Депутаттар квазимемлекеттік сектордың сатып алуларының тиімділігін көтеруге мән беруде. Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысына «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» және оған ілеспе заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Мәжіліс Төрағасы бұл құжат аталған секторда тиімді әрі ашық сатып алу жүйесін қалыптасуға септеседі деп үміт артты.

Жобаны талқылау барысында депутаттар жемқорлықтың бір қайнарына айналған «бір көзден са­тып алу» үлесін қысқартуға қа­тысты мәселе көтерді. Олар Қар­жы министрі Ерұлан Жа­­­­­мау­баев­тан Мемлекет басшы­сының тиіс­ті тапсырмасы қалай орын­да­латынын сұрастырды. Өйт­кені заң жобасында осындай сатып алу тәсілі қарастырылған, бірақ оны жүзеге асыру негіздері көр­се­­­тілмей, бұлыңғыр қал­­­­­дырыл­ған. Жобада бір көзден сатып алу не­­гіздері мен тәртіптері Қаржы ми­нистрлігі бекітетін қағидалар­да анықталатыны жа­­­­зылыпты. Ол қағида қоса ұсы­ныл­­­мады, яғ­ни парла­­ментшілер онда не бо­латынын білмейді. Осы проблемаға екпін түсір­ген Нұрлан Зайроллаұлы қағ­и­да­ларды Қаржы министрлігінің бе­кіткені маңызды екенін атап өтті: – Әрине, оның бәрін заңда жа­зып қойса, жақсы болар еді. Алайда елімізде квазимемлекеттік сектор субъектілері әр алуан ба­ғытта жұмыс істейді, көпсала­­лы сипатқа ие. Тиісінше, олардың қыз­метінің ерекшеліктерін, дара тұстарын жеке-жеке ескерген жөн. Сондықтан Үкіметтің көз­­­қарасымен келіскен абзал: база­лық ортақ заң қабылданады, ал одан ары реттеу ісі Үкіметке және басқа нормативтік құжаттар дең­гейіне беріледі, – деді Спикер. Сонымен бірге Н.Нығма­­­ту­лин елең еткізерлік деректер кел­­­­тіре кетті: «ҚазАгро» холдингі 2018-2020 жылдары барлық са­тып алуының 98%-ын, Kazakh Tourism ұлттық компаниясы 2018-2019 жылдары – 100%, ал 2020 жылы 98%-ын бір көзден са­тып ала салыпты! Бұл рет­­те ұлт­тық компаниялар төл қағи­­­да­ларын басшылыққа алып келген. Ал «Самұрық-Қазына» ұлт­тық әл-ауқат қоры сатып алуды басқарудың жаңа моделі аясында өз қағидаларына Үкіметтің келі­сі­мін алып оты­рады. Нәти­жесін­де, бір көзден сатып алу үлесі 2018 жылғы 87%-дан был­тыр 21%-ға дейін құлдырады. Мәжіліс Төрағасының бай­ла­мынша, заң жобасы қабыл­данған соң жағдай өзгеруі тиіс. Себебі оның нормалары тек «Самұрық-Қа­зынаның» емес, сондай-ақ «Бәй­терек», «ҚазАгро» холдинг­те­рі­нің, елдегі 253 ұлттық компа­ния мен олар­дың еншілес ком­па­нияларының қызметін ретке кел­тіретін бо­лады. Әйтпесе, бұ­лар­­­­дың бәрі жыл сайын шамамен 3,5 трил­лион теңгеден астам қа­ра­жатты сатып алуларға жұм­сай­ды.

Айхан ШӘРІП